НВиТП Педагог ұйымдастырушысы Р.Д. Елембаев 2025 жылғы 3 қыркүйекте ТМ - 27 тобының "Ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандығы бойынша білім алушылар үшін экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған 1 курс кураторлық сағат өткізді.
Бұл іс - шара жастар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жасөспірімдердің заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған құқықтық білімді насихаттау мақсатында өткізілді. Іс - шара барысында кәмелетке толмағандарды экстремистік және террористік қызметке тарту, экстремистік материалдарды тарату, сондай - ақ осы санаттағы қылмыстар үшін жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Білім алушылар "Экстремизм" және "Терроризм" ұғымдарының нені білдіретіні туралы түсінік алды, қоғамдағы, оның ішінде қиын жағдайларда да Мінез-құлық ережелерін қайталады. Іс-шаралар барысында білім алушыларға бейнефильм көрсетілді.